ban1

ban2

ban3

bolashak 20

ban4

«Серпін жобасы» аясында қандай мамандықтар басым? 

«Серпін» жобасында техникалық мамандықтарды таңдау басым болып табылады, яғни, Ұлттық біріңғай тестілеуде немесе кешенді тестілеуде физика немесе математика пәндерін таңдау қажет. Мамандықтардың толық тізбесі мен таңдау пәндерін Түлектерге секциясынан Мамандықтар тізбесінен қарай аласыз.

 

Техникалық мамандыққа түсу үшін қандай таңдау пәні қажет?

Ұлттық біріңғай тестілеуде немесе кешенді тестілеуде физика немесе математика пәндерін таңдау қажет. Мамандықтардың толық тізбесі мен таңдау пәндерін Түлектерге секциясынан Мамандықтар тізбесінен қарай аласыз.

 

«Серпін жобасына» кімдер қатыса алады?

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау облыстарынан ҰБТ немесе КТ-ден шекті (50 балл, орыс тілін қоспағанда) және одан жоғары балл жинаған талапкерлер немесе ҰБТ-ге қатыспаған, КТ тапсырғаннан кейін, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на түсе алмаған жастар қатыса алады. Толық ақпаратты Түлектерге секциясынан Нұсқаулықтардан қарай аласыз.

 

Конкурсқа қатысу құжаттарын қашан және қайда тапсыра аламын?

Жоғары оқу орындарының Грант иегері атану үшін, конкурсқа қатысу құжаттары шілде айында  қабылданады. Құжаттарды өз қалаңыздағы «Қабылдау комиссиясы» арқылы тапсыруға болады.

Колледж Грантының иегері атану үшін, тамыз айында құжаттар қабылданады. Құжаттарды өз қалаңыздағы «Қабылдау комиссиясы» арқылы тапсыруға болады.

 

«Серпін» әлеуметтік жобасына қандай аймақтағы жастар қатысып, қайда білім ала алады?

2014 жылдан бастап «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша, еліміздің еңбек күші артығымен  орналасқан 5 өңірден ( Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау) еңбек күшіне сұраныс жоғары 9 өңірдегі (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан облыстары )оқу орындарында студенттер қабылдануда.

 

Талапкердің бағдарлама бойынша мамандық таңдауы қалай жүргізіледі?

  1. www.bolashak-serpin.kz    сайттарының оң жағындағы – «Мамандық таңдау» бөліміне кіресіз;
  2. Сол жерден өзіңіздің 4-ші пәніңіз бойынша (таңдау пәні) қанша мамандыққа тапсыра алатындығыңызды көре аласыз;
  3. Таңдау пәні бойынша, тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайсыз.
  4. Әр мамандықтар бойынша, мамандық шифры және ЖОО-ның аты жазылған.

Мамандықты таңдау үлгісін www.bolashak-serpin.kz  сайтынан қарай аласыз.

 

Бағдарлама бойынша оқу орындарын қалай таңдауға болады?

Бағдарлама бойынша оқу орындарын таңдау үшін www.bolashak-serpin.kz  сайтының оң жағындағы «ЖОО»/«Колледж» бөліміне кіріп, өзіңіз таңдаған оқу орынын таңдайсыз.

Бағдарлама бойынша , өзіңіз таңдаған оқу орынына бөлінген арнайы гранттар тізімін көре аласыз, әрі қарай оқу орынының сілітемесіне кіріп, мамандық шифры, әлеуметтік-мәдени жағдай, оқу орынының мекен-жайы, байланыс телефондары туралы ақпарат ала аласыз.

 

«Серпін» жобасы туралы қосымша мәліметті қайдан ала аламын?

  • Бағдарлама бойынша ақпаратты өзіңіздің облысыңызда орналасқан Штабтан ала аласыз: Алматы облысында Талдықорған қаласы,  Жамбыл облысында Тараз қаласы,  Оңтүстік Қазақстанда Шымкент қаласы, Қызылорда облысында Қызылорда қаласы, Маңғыстау облысында Ақтау қаласы.
  • «СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ  ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ WWW.BOLASHAK-SERPIN.KZ  сайтына кіріп  WWW.FACEBOOK.COM/SERPIN2050 әлеуметтік желілердегі  парақшалар арқылы  ала аласыз.
  • Сонымен қатар, сіз үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Ұлттық жобалар басқармасы», «Серпін» әлеуметтік жобасы жұмыс істейді.
  • Байланыс телефондары: 8 (7172)76-91-04, 8(7172)76-90-44

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

Сәуір 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5