ban1

ban2

ban3

bolashak 20

ban4

Бүгін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың құрметіне ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш пен археологиялық қорықтар, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет – дастандар, ерекше діни ғимараттар - Бекет-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттері мен Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз порты шоғырланған маңғыстау өлкесінің каспий жағасында «Каспий Серпін Толқыны» атты республикалық форумы өз жұмысын бастады.

Басты мақсат - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы студент жастар арасындағы мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, әрі жетім студенттерге қарт Каспий теңізін көрсетіп, Маңғыстау облысының тарихымен танысуына мүмкіндік жасау, сондай-ақ, өңірдің 10-11 сынып оқушыларына, колледж түлектері және 18-29 жас аралығындағы жастарға «Серпін» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылының білім грантына түсу жолдарын, маңыздылығын ақпараттандыру.

Маңғыстау облысының әкімдігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті – Т.Т. Асқаров және «Серпін» Ұлттық жобалар басқармасының бастығы – К. Тобатаева құттықтау сөзінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін» әлеуметтік жобасының маңыздылығы мен ерекшелігін, сондай-ақ мектеп түлектеріне болашақта білім грантына түсу жолдарын ақпараттандырып,  сөз соңында қатысушы жастарға оқуда табыс, өмірде бақытты болуды тілеп, форумды ашық деп жариялады.

«Каспий Серпін Толқыны» атты Республикалық форумына Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы мен жастар саясаты мәселелер басқармасы басшылықтары қатысып, форумның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

К 1ой новости 4

к 1ой новости

к 1ой новости 2

к 1ой новости 3

к 1ой новости 5

к 1ой новости

Мамыр 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2