ban1

ban2

ban3

bolashak 20

ban4

«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ-ИНДУСТРИЯҒА!»- «СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

Аталмыш бағдарламаға кімдер қатыса алады?

 

1) Еңбек күші артығымен орналасқан 5 өңір жастары;

2) ҰБТ немесе КТ-ден шекті (65 - баллдан жоғары, орыс тілін қоспағанда) және одан жоғары балл жинаған талапкерлер;

3) ҰБТ-ге қатыспаған, КТ тапсырғаннан кейін, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на түсе алмаған жастар;

Егер бейіндік пәні бойынша 5 баллдан, және басқа пәндерден 5 баллдан аз алсаңыз, онда конкурсқа қатыса алмайсыз.

 

Конкурсқа қатысу құжаттарын қашан және қайда тапсыра аласыз?

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша:

  • Жоғары оқу орындарының Грант иегері атану үшін, конкурсқа қатысу құжаттары шілде айында  қабылданады. Құжаттарды өз қалаңыздағы «Қабылдау комиссиясы» арқылы тапсыруға болады.                                                              
  • Колледж Грантының иегері атануүшін, тамыз айында құжаттар қабылданады. Құжаттарды өз қалаңыздағы «Қабылдау комиссиясы» арқылы тапсыруға болады.
  • Бағдарлама бойынша ақпаратты өзіңіздің облысыңызда орналасқан Штабтан ала аласыз:

 

  • Алматы облысы (Талдықорған қ.)
  • Жамбыл облысы (Тараз қ.)
  • Түркістан облысы ( Шымкент қ.)
  • Қызылорда облысы ( Қызылорда қ.)
  • Маңгыстау облысы (Ақтау қ. )

 

  • «СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ  ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ Серпін.kz сайтына кіріп WWW.FACEBOOK.COM/SERPIN2050 әлеуметтік желілердегі  парақшалар арқылы  ала аласыз.
  • Сонымен қатар, сіз үшін ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық процесі, «Ұлттық жобалар басқармасы» жұмыс істейді.
  • Байланыс телефондары: 8 (7172) 28 75 31, 28 75 33

 

«Білім бағыты» педагогика мамандықтары бойынша, ЖОО –на  түсетін Талапкерлер назарына!

 

Жоғары білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес, арнайы емтихан тапсыру үшін қабылдау комиссиясына құжаттарды өткізу қажет.

Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының тізімін, Серпін.kz  сайттарынан және жобаны іске асыруға қатысатын оқу орындарының сайттарынан қарауға болады.

 

 «СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БОЙЫНША БӨЛІНГЕН ГРАНТ ТУРАЛЫ

«Серпін» әлеуметтік жобасына қандай аймақтағы жастар қатысып, қайда білім ала алады?

 

2014 жылдан бастап «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша, еліміздің еңбек күші артығымен  орналасқан 5 өңірден ( Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау) еңбек күшіне сұраныс жоғары 9 өңірдегі (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан облыстары )оқу орындарында студенттер қабылдануда.

 

Талапкердің бағдарлама бойынша мамандық таңдауы қалай жүргізіледі?

  1. Серпін.kz сайттарының оң жағындағы – «Мамандық таңдау» бөліміне кіресіз;
  2. Сол жерден өзіңіздің 4-ші пәніңіз бойынша (таңдау пәні) қанша мамандыққа тапсыра алатындығыңызды көре аласыз;
  3. Таңдау пәні бойынша, тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайсыз.
  4. Әр мамандықтар бойынша, мамандық шифры және ЖОО-ның аты жазылған.

Мамандықты таңдау үлгісін Серпін.kz  сайтынан қарай аласыз.

 

Бағдарлама бойынша оқу орындарын қалай таңдауға болады?

  1. Бағдарлама бойынша оқу орындарын таңдау үшін Серпін.kz сайтының оң жағындағы «ЖОО»/«Колледж» бөліміне кіріп,өзіңіз таңдаған оқу орынын таңдайсыз.
  2. Бағдарлама бойынша , өзіңіз таңдаған оқу орынына бөлінген арнайы гранттар тізімін көре аласыз, әрі қарай оқу орынының сілітемесіне кіріп, мамандық шифры, әлеуметтік-мәдени жағдай, оқу орынының мекен-жайы, байланыс телефондары туралы ақпарат ала аласыз.

 

Талапкерлерден қандай құжаттар талап етіледі?

  1. Жеке куәлік (төлқұжат және құжаттың 2 дана көшірмесі).
  2. Аттестат, куәлік косымшаларымен (түпнұсқасы мен көшірмесі).
  3. ҰБТ немесе КТ сертификаты.
  4. Фотосурет 6 дана 3х4 см
  5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі егу картасы және 2017 жылғы флюрокадр (рентгенсуретімен бірге).
  6. Конкурс қорытындысы тамыз айының 8-10 аралығында республикалық газеттерде немесе ғаламторға жарияланады.

 

 «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша ЖОО/Колледж ГРАНТ иегері болу үшін құжатты қалай тапсыру керек?

  1. ЖОО-ның ГРАНТ иегері атану үшін өз облысыңыздағы «Қабылдау комиссиясына» барып, «Өтініш парақшасын» толтыру қажет.
  2. Колледж гранттары жайлы толық ақпаратты Серпін.kz сайтынан қарай аласыз.
Сәуір 2019
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5